Астанада белгісіз ер адам полиция полковнигімен жанжалдасып қалды

Астанада белгісіз ер адам полиция полковнигімен жанжалдасып қалды © youtube.com/ОО ОСА

Астанадағы жол полициясының канцеляриясында белгісіз ер адам ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тахир Әбдурахмановпен жанжалдасып қалды. Оқиғаның видеосы YouTube видеохостингіндегі "ОСА" каналында жарияланды.

Ролик авторының айтуынша, ол тек канцелярияға өтініш жазбақ болған. Дегенмен полковник құжатты қабылдаудан бас тартады. Осы кезде қолданушы камераны қосқан. Полиция полковнигі одан түсірмеуін сұрап, ер адамның видеоға түсіруге ешқандай құқығы жоқ екенін айтты. Дегенмен келуші камераны өшіруден бас тартты. Ол министрге баратынын айтып, "455-ші жарлыққа" сәйкес түсіруіне болатынын жеткізді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама