Астанада бетон араластырғыш Infiniti және Tank көлігіне соқтығысты

видео кадры

Астанада бетон араластыратын ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, екі жеңіл автокөлікке соғылып, кейін аударылып қалды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіден бір қырына аударылып қалған бетон араластырғыш көліктің видеосы пайда болды.

Полиция Tengrinews.kz тілшісіне жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Биылғы 8 қаңтарда Ақжол даңғылында Shacman маркалы автокөлік жол-көлік апатына ұшырады. 44 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, Infiniti және Tank маркалы автокөліктерге соғылып, кейін көшені жарықтандыратын бағанға соқтығысып, сол жақ қырына аударылып қалған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама