Астанада бір оқушы сыныптасын қалам сұғып өлтірді

©ru.tsn.ua

Астанада мектеп оқушысы сыныптасын қаламмен өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент мамандарының мәліметінше, екі оқушы арасында жанжал шыққан, соның ақырында олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды. 

"№76 орта мектептегі оқу процесі кезінде сыныптастар арасында ұрыс шығып, сол кезде оқушылардың бірі екіншісінің кеуде тұсына қалам сұғып алған. Көкірек қуысына салынған жарақаттың салдарынан 8-сынып оқушысы оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, оқиға болған мектеп - биыл ашылған төрт жаңа мектептің бірі. Ол Астанадағы Түркістан, Орынбор және Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында орналасқан.

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама