27 қазан 2017 | 08:38

Астанада болған қанды оқиғаның мән-жайы айтылды

видеодан үзінді

26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында көптеген адамның көзінше қанды оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 қазанда кешкі уақытта Астанадағы "Гүлжан" сауда орталығының алдында көптеген адамның көзінше қанды оқиға болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірін-бірі танымайтын екі ер адам жанжалдасып, артынша біреуі уруханаға түскен, ал екіншісі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде тараған видеода зардап шеккен адам қан-жоса болып жатыр, жанынан өтіп бара жатқан адамдар оған көкмектеспекші болған. Видеода мынадай сөздер естіледі: "Ол қансырап жатыр", "Жедел жәрдем шақырыңыздар", "Тиіспеңдер оған". 

Реклама
Реклама

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Софья Қылышбекованың айтуынша, оқиға туралы хабар кезекші бөлімге 18:00-де түскен. "Оқиға орнына жеткен қызметкерлер 35 жастағы ер адамды тұтқындады. Зардап шеккен 1984 жылғы ер адам "ашық түрде миы зақымданған" және "кеудесінен жарақат алған" деген диагнозбен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілі. 

Ұсталған адам жанжалдың неден шыққанын айтып берді. Ол көліктен түскен кезде зардап шеккен ер адам мас күйде болған және балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ер адам оған дене жарақатын салған. 

Астана ІІД өкілі оқиға барысында ешқандай суық қару болмағанын айтты. Қажетті сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. 

 

 

Вечером в четверг, 26 октября, возле торгового дома "Гульжан" в Астане на глазах у многочисленных очевидцев произошел кровавый инцидент. _ В результате конфликта двух незнакомых мужчин один из них был госпитализирован в больницу, другой задержан и дает показания. На распространенных в instagram группе @vastane.kz, на кадрах видно, как пострадавший лежит в луже крови, а прохожие пытаются ему помочь. Слышны возгласы: "Он кровью прямо обливается", "Вызовите скорую", "Не трогайте его". _ По словам пресс-секретаря столичного ДВД Софьи Кылышбековой, сообщение о происшествии поступило на пульт дежурного около 18:00. "Прибывшие на место происшествия сотрудники полиции задержали 35-летнего мужчину. _ Пострадавший 1984 года рождения госпитализирован. По данному факту проводится досудебное расследование по статье 106", - сообщила сотрудница пресс-службы. Задержанный рассказал, что конфликт с незнакомцем завязался, когда он вышел из автомобиля. По его словам, тот находился в нетрезвом состоянии, выражался нецензурной бранью и оскорблял его. Мужчина заявил, что нанес ему телесные повреждения. _ Пресс-секретарь ДВД Астаны уточняет, что никакого холодного оружия в конфликте задействовано не было. Назначены необходимые экспертизы. Проводятся следственные действия. _


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная