14 қараша 2017 | 10:15

Астанада "Бораттың шомылу киіміндегі" жартылай жалаңаш алты шетелдік ұсталды

© instagram.com/zhaloby_astana

Жұма, 10 қарашада Астанада ЭКСПО автотұрағындағы "I love Astana" жазуының алдында суретке жартылай жалаңаш түскен алты шетелдік турист ұсталды. Ер адамдар "Бораттың шомылу киімі" аталып кеткен ұятты киімде болған. Олардың суреті әлеуметтік желіде тарап кетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұма, 10 қарашада Астанада ЭКСПО автотұрағындағы "I love Astana" жазуының алдында суретке жартылай жалаңаш түскен алты шетелдік турист ұсталды. Ер адамдар "Бораттың шомылу киімі" аталып кеткен ұятты киімде болған. Олардың суреті әлеуметтік желіде тарап кетті.

Астана ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова Tengrinews.kz тілшісіне ұсталғандар Чехия азаматтары екенін мәлімдеді. Оларға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. 

Реклама
Реклама

"Материалдар Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әкімшілік сот ұсталған әр шетелдікке 10 АЕК (1 АЕК - 2269 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шағырғаны белгілі болды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная