ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 желтоқсан 2023 09:29
Астанада бір түнде 63 жол-көлік оқиғасы болған
Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, 4 желтоқсанда сағат 20:00-ден 5 желтоқсанда 07:00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана жолдарында 63 жол-көлік оқиғасы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.
Полицейлер жүргізушілерден жолда өте сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, көлікті кенет тежеуді болдырмауды және қашықтықты сақтауды сұрайды.
"Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақ болуы керек", - деп еске салды Астана Полиция департаменті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу