22 қыркүйек 2023 | 09:29

Астанада дүкенді тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астанада дүкен тонау әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дүкен тонау әрекеті бейнебақылауға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға супермаркет өкілі белгісіз ер адам қымбат алкогольдік сусынды ашық түрде ұрлап кетпек болғанын айтып арызданған. Қарақшылық шабуыл жасған 47 жастағы қала тұрғыны анықталды.

"Ер адам күндіз Петров көшесіндегі супермаркетте сатып алушы атын жамылып, тауар қараған сыңай танытқан. Ол сатушының залда жоқтығын пайдаланып, құны 16 мың теңгеден асатын бір бөтелке вискиді сөмкеге салып, сыртқа шығуға бет алғанда оның әрекетін байқаған кассир артынан жүгіріп барып, тоқтатпақ болған. Алайда ер адам ұрланған заттарды лақтырып, қашып кеткені белгілі болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram