Астанада екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/police__astana

Астанада екі автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада екі автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала дерекке сүйенсек, шағын автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

"Жол апаты салдарынан шағын автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама