04 ақпан 2014 13:25

Астанада екі бірдей жолаушылар автобусы соқтығысты

©Ярослав Радловский

Астанада екі бірдей жолаушылар автобусы соқтығысуының салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жол көлік оқиғасы 4-ақпан күні сағат 10:45 минут өткенде Қабанбай батыр - Керей және Жәнібек көшелерінің түйіскен жерінде болған. №50 және №10 жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Жол көлік оқиғасынан №10 бағыттағы жолаушы қыз зардап шекті. Қазіргі таңда оған алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жатқызылды. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан қыз бала қатты жарақат алған. Жол көлік оқиғасы болған жерге Астана қалалық ІІД қызметкерлері келіп, оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үстінде.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram