20 наурыз 2024 09:24

Астанада екі полиция қызметкерінің "біртүрлі" әрекеті видеоға түсірілді

видео кадры

Желіде астаналық полиция қызметкерлерінің видеосы пайда болды. Кадрларда жол қозғалысын реттеп тұрған екі полицей байқалады. Бірақ олардың қимылдарын жүргізушілер түсінбен көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрларға қарағанда, оқиға Астанада Ұлы Дала даңғылында болған.

Видеода екі полиция қызмткері де Астанадағы қиылыстардың бірінде жүргізушілерге бір уақытта жол көрсетіп, бірдеңе деп айғайлап жатқаны көрінеді. Бір қызығы, олардың нұсқаулары бір-біріне қайшы келеді. Видео авторы қайсына бағынып, қайсына мән бермеу керек екенін әркім өзі шешуі керек деп кеңес берген.

Реклама
Реклама

Tengri Auto сауалынан кейін полиция департаменті видео кейіпкерлерін анықтады.

"Қиылыстағы полицейлер кептелістің алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысын басқа жаққа бұру шараларын қабылдады. Бұл ретте олардың әрекеттері бойынша тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram