Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен © svadbann.ru

Астанада екі ?ыз Италия азаматын ?рып-со?ып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап,

Астанада екі қыз Италия азаматын ұрып-соғып, тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап,

2017 жылдың қазанында қыздардың бірі әлеуметтік желіде өтірік есіммен тіркеліп, Италия азаматымен танысып, кейінірек онымен сауда орталығында кездесу белгілеген.

"Қыздар жігітпен көріскен соң оған сыраханаға баруды ұсынған. Ол болса бұл ұсынысқа келіскен. Сыраханада сағат 23.00-ге дейін болып, сыртқа шығып үйлеріне қайтпақшы болған. Кейіннен қыздар адам жоқ жерде оны күштеп ұстап, бетін таспен ұрып жіберген, онымен қоса, оның iPhone 6S телефонын алып кеткен", - деп хабарлады Астана қалалық сотындағылар.

Реклама
Реклама

Астананың Алматы аудандық № 2 сотының шешімен қыздар ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша ("Тонау")  айыпты деп танылды. Сот олардың бірін 4 жылға, ал екіншісін 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама