Астанада екі жасар баласымен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті

© Тұрар Қазанғапов

Астанада екі жасар баласымен кетіп бара жатқан әйелді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 20 шілдеде сағат 19.50-де Жұбанов пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған. Hyundai маркалы көліктің 30 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қаққан. ІІД-дегілер әйелдің баласымен бірге бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда өткенін айтып отыр. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігердің тексеруінен кейін әйел адам үйіне жіберілді. Оның екі жасар баласы зардап шекпеді", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Аталған деректер бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр және соның қорытындысына бойынша процессуалдық шешім шығарылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама