Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды - Видео

Астананы? орталы? базарында екі жасар ?ыз эскалатор?а ?ысылып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың орталық базарында екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік оқиғаның видеосын әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр. Видеожазбаның кадрларынан бірнеше куәгердің эскалаторға қысылып қалған қызды шығарып алуға тырысып жатқанын байқауға болады. 

Реклама
Реклама

Астана әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер видеодағы деректі растады. Олардың мәліметінше, оқиға 22 мамырда елорданың орталық базарында болған.

 "Эскалатордағы ақаудың салдарынан 2 жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға медициналық көмек көрсетіп, шұғыл түрде №2 Қалалық балалар ауруханасына жеткізді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Мамандар ауруханада қызды қарап, қолына гипс таңып берген. "Қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты, ол амбулаторлық жағдайда емделеді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама