Астанада ер адам аялдаманың әйнегін баспен ұрып сындырып тастаған - видео

видео кадры

Астанада бір тәуліктің ішінде екі бірдей вандализм оқиғасы тіркелді. Бір жағдайда ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада бір тәуліктің ішінде екі бірдей вандализм оқиғасы тіркелді. Бір жағдайда ер адам аялдаманың әйнегін басымен ұрып сындырған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, бұзақы 7 тәулікке қамауға алынды.

"102 арнасына Айтматов көшесінде белгісіз адамның аялдама әйнегін сындырғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. 49 жастағы жергілікті тұрғын анықталды, ол мас күйінде болған. Сот қаулысы бойынша, азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы ("Қасақана бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатындай дәрежеде болмаса") бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген полиция хабарламасында.

Реклама
Реклама

Екінші жағдай Байтұрсынұлы көшесінде болған. Мұнда екі мас адам аялдама павильонының әйнегін сындырған.

"Полиция қызметкерлері 19 және 22 жастағы екі азаматты ұстады. Басты күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамау тағайындалды. Ал оның танысы түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама