Астанада ер адам лифтінің есігін теуіп, ішіне құлап кеткен (видео)

Дина Шарипханова Корреспондент
Астанада ер адам лифтінің есігін теуіп, ішіне құлап кеткен (видео) видео кадры

Нұра ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күтпеген оқиға болды. Бір адам лифт ішінде қамалып, ал екіншісі лифт шахтасына түсіп кеткен. Құтқарушылар екеуін де шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұра ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күтпеген оқиға болды. Бір адам лифт ішінде қамалып, ал екіншісі лифт шахтасына түсіп кеткен. Құтқарушылар екеуін де шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД мәліметінше, лифттегі оқиға 4 қарашада сағат 5:11-де болған.

Құтқарушылардың дерегінше, тұрғын үй кешеніндегі лифт ішінде бір адам қалып қойған. Сонымен қатар, лифт механизмінде қысылып, жарақат алуы мүмкін адам туралы ақпарат түскен.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде оқиға сәті түсірілген видео жарияланды.

"Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды шығарды. Сонымен қатар, лифт қызметі өкілдерімен бірлесе отырып, 1987 жылы туған ер адамды лифт шахтасынан көтеріп шығарды. Ол медицина қызметі бригадасына тапсырылды", - деп хабарлады ТЖД.

Tengrinews.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама