Астанада ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Астанада 25 жастағы ер адам мас күйде тұрғын үйдің ауласында оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 25 жастағы ер адам мас күйде тұрғын үйдің ауласында оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp арқылы редакция нөміріне бірнеше видео келіп түсті. Алғашқы кадрларда тұрғын үй ауласында оқ атылған дыбыстар естіледі. Қорыққан көршілер оқиғаны телефонға түсіріп алмақ болған.

Екінші видеода қолында қаруы бар ер адам оқ атып, тұрақтағы көлікке тигізеді. Осыдан кейін ол тапаншаны өз басына тақаған.

Реклама
Реклама

Астана полициясының мәліметінше, оқиға тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам газды тапаншадан оқ атқан.

"Бұл факт бойынша елорданың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның мас күйде тұрғын үй ауласында газды тапаншадан бірнеше рет оқ атқаны анықталды. Қару тәркіленді", – деді Tengrinews.kz тілшісіне полицияда.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, материалдар сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама