11 шілде 2024 | 08:25

Астанада ер адамның әйелді дүкенде ұрып-соққаны видеоға түсіп қалған

видео кадры

Астаналық әйелді дүкенде соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалған. Зардап шеккен әйел астаналық дүкендердің бірінде өзін қалай соққыға жыққаны түсірілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық әйелді дүкенде соққыға жыққан сәт видеоға түсіп қалған. Зардап шеккен әйел астаналық дүкендердің бірінде өзін қалай соққыға жыққаны түсірілген видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық әйел бейнебақылау камерасының бейнежазбасын Instagram-парақшасында бөлісті.

Ол дүкенде баланы абайсызда қағып кеткенін айтты. Оның сөзінше, қыздың кешірім сұрағанына баланың әкесі агрессив көрсеткен. Астана тұрғынының айтуынша, бала ұстаған ер адам оны балағаттап, боқтық сөздер айта бастаған. Артынша өзі оралып, тағы да ұрысып, соңы төбелеске ұласқан.

Реклама
Реклама

Жазбадан ер адамның әйелді итеріп, оған физикалық күш қолданғанын көруге болады.

Ер адам әдепсіз сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная