12 тамыз 2024 | 15:32

Астанада ер адамның ержүрек әрекеті видеоға түсіп қалды

видео кадры

Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі өрт кезінде куәгерлер белгісіз ер адамның ержүрек әрекетін видеоға түсіріп алды. Оның арқасында бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі өрт кезінде куәгерлер белгісіз ер адамның ержүрек әрекетін видеоға түсіріп алды. Оның арқасында бала құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада ер адам ешқандай сақтандырусыз балконнан өртеніп жатқан пәтердің терезесіне кіріп бара жатқаны байқалады. Осыдан кейін дәрменсіз 15 жасар қызды өртсөндірушілерге тапсырды.

ТЖД мәліметінше, бүгін таңертең Сығанақ көшесіндегі 12 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан. Жоғарғы қабаттардың біріндегі пәтерде жиһаздар мен заттар өртенген.

Реклама
Реклама

"МӨС-3 аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серік Рахымжанов пен азаматтық тұлға 2009 жылы туған қызды құтқарды. Азаматтық тұлғаның деректері белгіленеді. Ер адам көрші пәтерден балкон арқылы кіріп, қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырды", - деп хабарлады ТЖД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні