Астанада EXPO аумағында кеңсе ғимараты өртенді

Астанада EXPO аумағында кеңсе ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ТЖМ министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Астанада EXPO аумағында кеңсе ғимараты өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ТЖМ министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 бойында басталған.

"Бірінші қабаттағы кеңсе ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды", - деді Иманқұлов.

Реклама
Реклама

Өртсөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық өртенгенін анықтады.

"Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында қайта тұтанудың алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Иманқұлов.

ТЖД өкілдері мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама