19 наурыз 2024 10:24

Астанада фитнес-клубы өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҚР ТЖМ

Астанада 19 наурызда таңертең танымал фитнес-клубтардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 19 наурызда таңертең танымал фитнес-клубтардың бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, 19 наурызда сағат 08:50-де елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі, 9-үй мекенжайына шықты.

Оқиға орнында фитнес-клуб бөлмесінің ағаш қаптамасында 20 шаршы метр аумақта өрт шыққаны анықталған. Өртсөндірушілер келгенге дейін 40-қа жуық фитнес-клуб келушілері ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген.

Реклама
Реклама

Өрт сағат 09:26-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram