Астанада "Газель" тоннельге соқтығысты

видеодан үзінді

Астанада "Газель" автокөлігі тоннельдің төбесіне соқтығысып, қирап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол-көлік оқиғасы туралы мәліметті Астана ІІД баспасөз қызметі растады. 

Жол-көлік оқиғасы "Астана Опера" театрының маңында болған. Видеода көліктің жүксалғыш бөлігі толығымен қирап қалғаны және соның салдарынан кептеліс болғаны түсірілген. 

Оқиғаның видеосын Tengrinews.kz оқырманы редакцияның WhatsApp-нөміріне +7 777 001 44 99 жіберген. 

Реклама
Реклама

"Жол апаты 12:00-де болды. "Газель" маркалы көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тосқауылға соқтығысқан. Қазіргі уақытта полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр, жол апатының мән жайын анықтауда", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Совья Қылышбекова. 

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама