13 қыркүйек 2024 | 12:28

Астанада жалған риэлторлар бас бостандығынан айырылды

Midjourney

Астанада жалған риэлторлар бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада жалған риэлторлар бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады. Алаяқтар "Отбасы банкінде" ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырғаны анықталды.

Мысалы, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 миллион теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған. Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған.

Реклама
Реклама

"Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алуы 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденуге мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді. Келтірілген шығын 30 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді. Материалдық залал сотталғандардан өндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная