30 қараша 2023 14:08

Астанада жаяу жүргіншілер өткелінде автобус әйелді қағып кетті

Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі 56 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жолаушылар автобусының жүргізушісі 56 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оның 29 қарашада болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Мәңгілік Ел даңғылы жағынан Керей, Жәнібек хандар көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Бөкейхан көшесі қиылысында жол бөлігінде оңға бұрылу кезінде, белгіленген орында жолды кесіп өтіп бара жатқан 56 жастағы әйелді қағып кеткен", - делінген полиция хабарламасында.

City Transportation Systems көлік компаниясы автобус жүргізушісі бағдаршамда жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.

"Жабық бас-миы жарақаты, мидың шайқалуы бастапқы диагнозы қойылған әйел № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді . Тексеруден кейін амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Жүргізуші зардап шегушіге қажетті көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Полицейлер мәліметінше, автобус жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram