Астанада бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы студент өлі табылды. Бұл туралы QANAT еріктілер қозғалысы Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Темірхан Темірлан Әділханұлы 2005 жылы туған, 11 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 15:00 шамасында Жұмабаев даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан Еуразиялық гуманитарлық институттан шыққан.
Белгілері: бойы 175 см, көзі қоңыр. Сол жақ бетінде және ерін үстінде меңдері бар. Үстінде: ақшыл түсті куртка, қара бас киім, қара джинсы, қара аяқкиім болған. Өзінде қою сұр реңкті шағын рюкзак және жеке куәлігі болған.
Еріктіліредің мәліметінше, ол 14 қарашада кешке өлі табылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!