Астанада жол талғамайтын көлік көпірге соғылды

Астанада жол талғамайтын көлік көпірге соғылды © Әлеуметтік желі қолданушылары

Астанада жол талғамайтын көлік көпірге соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар Астанада болған жол-көлік оқиғасының фотосын жіберді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ертістің сол жағалауындағы Министрлер үйіне апаратын жолда болған. Автомобильдің төбесі соққының күшінен жапырылып қалды.

Жол-көлік оқиғасынан ер адам зардап шеккен. Куәгерлер жүргізушінің көлікті басқара алмай қалғанын айтты. Әкімшілік полиция басқармасы оқиғаның жәй-жапсарын анықтап жатыр.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама