13 қыркүйек 2024 | 12:13

Астанада жолындағы төбелес: жүргізушілер қалай жазаланды?

видео кадры

10 қыркүйекте елорда көшелерінің бірінде жүргізушілер жанжал шығарды. Олар жолды "бөлісе" алмаған көреінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

10 қыркүйекте елорда көшелерінің бірінде жүргізушілер жанжал шығарды. Олар жолды "бөлісе" алмаған көреінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астана әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төбелеске қатысушыларға қатысты істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, жүргізушілер дәл жолда төбелесіп, жол қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Сот отырысында екі сотталушы да өз кінәларын мойындады. Оқиғаның бейнежазбасы және жүргізушілердің жазбаша жауаптары құқық бұзушылықтың мән-жайын растады.

Реклама
Реклама

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза көзделгенін атап өтті.

Шешім шығарған кезде сот құқық бұзушылықтың сипатын ескерген, бірақ жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды таппаған. Жүргізушілердің бірі кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Екіншісіне қатысты сот оның әскери қызметші екенін және қызметте болғанын ескерді. Әкімшілік кодекстің 32-бабына сәйкес, әскери қызметшілер тәртіптік жарғылар бойынша құқық бұзушылық үшін жауапты болады. Сондықтан іс материалдары тәртіптік жаза қолдану үшін оның қызмет орнына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная