Астанада жұмысшылар мінген автобус жыраға түсіп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

Астанада жұмысшылар отырған автобус жыраға түсіп кетті. Жол апаты салдарынан 14 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жұмысшылар отырған автобус жыраға түсіп кетті. Жол апаты салдарынан 14 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар отырған автобус әуежай жақтағы жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы барды.

Полиция департаменті Tengrinews.kz редакциясына берген мәлімет бойынша, оқиға Қабанбай батыр даңғылында болған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Реклама
Реклама

"Mercedes маркалы қызметтік автобустың жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жыраға түсіп кеткен. Салонда болған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апаты салдарынан қаза тапқандар жоқ. Аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", – деді Астана Полиция департаменті өкілдері.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, апаттан 14 адам зардап шеккен. Олар көпсалалы қалалық стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.

"Қабылдау бөлімінде олардың барлығын бейінді мамандар тексерді, содан кейін бір бөлігі амбулаторлық емдеуге жіберілді, қалғандары әлі де тексеруден өтіп жатыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттармен түсті", – делінген басқарма хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама