06 қазан 2023 | 15:41

Астанада жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
tandret/Freepik

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі мектеп маңында кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі мектеп маңында кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы хабарлама астаналықтар чатында тарап кетті. Ақпаратта жасөспірімнің ата-анасы оқиғаның куәгерлерін іздеп жатқаны туралы айтылған.

Реклама
Реклама

ПД мәліметінше, оқиға 28 тамызда сағат 14:03 шамасында №88 мектеп-лицейінің жанында болған.

"Жүргізуші № 88 мектеп-лицейінің көлік тұрағы аумағында Е-321 көшесімен келе жатып, жолдың оңнан солға қарай бағытында өтіп бара жатқан 2008 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші зардап шегіп, Астананың №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін шығарылған.

"Тексеру барысында полиция қызметкерлері 1972 жылы туған жүргізушіні ұстады. Toyota Camry автокөлігі Астана коммуналдық тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта куәгерлерді анықтау және сауалнама жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная