23 қыркүйек 2024 | 12:46

Астанада жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Фото:depositphotos.com

Астанада жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге байланысты алаяқтық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге байланысты алаяқтық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен ақша иемденген 21 жастағы ер адамды ұстады.

"Жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеу мүмкіндігі бар екеніне танысын сендірген. Оның тұзағына 20 жастағы қала тұрғыны түсіп қалған, оған жоғалған құжатты қалпына келтіріп, жұмысқа орналасу үшін әскери билет керек болған. Күдікті азамат клиенттің сеніміне кіріп, одан 250 мың теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді. Ұсталған азамат жасаған ісін мойындаған.

ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қылмыскердің басқа да алаяқтыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеруді жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная