Астанада "КамАЗ" алты көлікті соғып өтті. Жүргізуші қашып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Бүгін таңертең Астанада Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан КамАЗ тоқтап тұрған 6 көлікті соқты. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін таңертең Астанада Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан КамАЗ тоқтап тұрған 6 көлікті соқты. Жүк көлігінің жүргізушісі қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші бірнеше метр жүргеннен кейін көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта жүргізушінің тұрылықты жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деп қосты полициядағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама