Астанада клиникаға жүгінген тұрғын күтпеген жағдайда қайтыс болды

Фото:depositphotos.com

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Оның кінәсінен адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсі дәлелденген.

"Сотталған адам тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан. Ұйқыға байланысты шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препарат инъекциясы салынған, содан кейін оның әл-ауқаты күрт нашарлаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды.

Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама