Астанада көлік тізгінінде инсульт алған жүргізуші ірі жол апатын жасады

Камила Долаева Журналист
Астанада көлік тізгінінде инсульт алған жүргізуші ірі жол апатын жасады Видеодан алынған кадр

Астанада жол тал?амайтын авток?лік ж?ргізушісі жеті к?лікті со?ып, ?зі аурухана?а жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Астана ?аласы Ішкі істер департаментіні? баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

Астанада жол талғамайтын автокөлік жүргізушісі жеті көлікті соғып, өзі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"27 маусымда сағат 19.40-та Toyota көлігінің жүргізушісі денсаулығының нашарлауына байланысты көлікті басқара алмай, жеті көлікке соқтығысты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқиға орнынан 39 жастағы ер адам алдын ала "инсульт" диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

"Полиция бұл іс бойынша ақпарат жинап, тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Қазір ер адам №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама