Астанада көлік жол жиегіне шығып кетіп, салдарынан балалар зардап шекті - куәгер

Астанада же?іл к?лік аударылып, жол жиегіне шы?ып кетті. Жол-к?лік о?и?асы жайлы Facebook желісіні? ?олданушысы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жеңіл көлік аударылып, жол жиегіне шығып кетті. Жол-көлік оқиғасы жайлы Facebook желісінің қолданушысы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иманов көшесінде сұмдық жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықпен келе жатып, басқа бір көлікпен соғысқан. Салдарынан джип аударылып, балалар тұрған жол жиегіне қарай ұшып кеткен. Көлік жүргізушілері аман. Ал балаларды дәрігерлер алып кетті. Олардың қандай жарақат алғаны әзірше белгісіз. Балалар қатты шошып қалған", - деп жазды өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Арман Әлібек. 

Айта кетейік, Астана қалалық ІІД өкілдері осы дерек бойынша кейінірек түсінік беретінін айтты.

Реклама
Реклама

 

 



Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама