Астанада көлік жүксалғышынан ер адам өлі табылды: ІІД оқиғаның мән-жайын айтып берді

Астанада көлік жүксалғышынан ер адам өлі табылды: ІІД оқиғаның мән-жайын айтып берді Куәгерлер суреті

Астанада көлік жүксалғышынан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға "Астықжан" дүкенінің аумағында болған. 

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде қолданушылар оқиға орнында түсірілген суретті жариялады. 

ІІД өкілдері, көлік багажынан табылған ер адманың 29 жаста екенін айтты. 

"10 тамызда Ақжол көшесінің аялдамасында тұраққа қойылған автомобиль багажынан 29 жастағы ер адамның денесі табылды. Ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты қалған мәліметтер айтылмайды", - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері таратқан хабарламада. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама