Астанада көлік асқан жылдамдықпен LRT бағанасына соғылды. Жүргізуші оқиға орнында қаза болды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Кадры из видео Кадры из видео

Әлеуметтік желіде көліктің Astana LRT бетон құрылымына соғылған видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде көліктің Astana LRT бетон құрылымына соғылған видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 29 маусымда таңғы сағат 06:04 шамасында болған.

"Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Сығанақ көшесімен "Арыс" көпірінде Қалдаяқова көшесіне қарай келе жатып, рөлді тізгіндей алмай, бетонға соғылған", - деді Полиция департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Соққының күшіне қарағанда, көлік асқан жылдамдықпен келіп соғылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная