04 желтоқсан 2023 09:35

Астанада көлік өртеніп, жүргізуші ауруханаға жатқызылды

видео кадры

Астанада көлік өртеніп кетті. Жеңіл көлік жүргізушісі көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көлік өртеніп кетті. Жеңіл көлік жүргізушісі көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

"Жүргеновте көлік жанып кетті. ...Осы кезде көлік ішінде адам болды. Кейін оны шығарып алып, жедел жәрдеммен алып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген видео жазбасында.

Реклама
Реклама

Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайды растады.

"Сағат 19:51-де Алматы ауданындағы Жүргенов көшесі, 21/1-де Mazda 626 маркалы көлігінің қозғалтқыш бөлімі мен салоны жанып кетті. Өрт 20:11-де ауыздықталды. 103 бригадасы көлік иесін ауруханаға жеткізді. 1984 жылы туған азаматқа "улы газбен улану" диагнозы қойылды", - делінген Астана ТЖД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram