Астанада көпір аркасына шығып алған ер адам мас болған - Астана қалалық ІІД

© ВКонтакте әлеуметтік желісінен алынған сурет

Астана қалалық Ішкі істер департаментіндегілер көпір аркасына шығып алған ер адамға байланысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің айтуынша, құқықбұзушы Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жігіт орташа деңгейде мас болған. Қазіргі уақытта елордалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Астанада Республика даңғылы маңындағы "Самал" ықшамауданында ер адам көпір аркасына шығып алған болатын. Оқиға 18 шілдеде таңғы уақытта болған. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам көпірден түсірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол Ақмола облысының 25 жастағы тұрғыны. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама