Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 6 бала құтқарылды

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 6 бала құтқарылды

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.

Астанада көпқабатты үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.

"Сағат 10.48-де Алматы ауданы Айнакөл көшесі, №58 үйден өрт шықты. Өрттің аумағы - 55 шаршы метр. Өрт сағат 11.42-де сөндірілді. Төтенше жағдайды жою кезінде 80 адам эвакуацияланды, олардың 25-і балалар. 12 адам құтқарылды, олардың алтауы - балалар", -  деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар келіп түскен соң 7 минуттан кейін барған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге 59 өрт сөндіруші мен елордалық Өрт сөндіру қызметінің 15 дана техникасы жұмылдырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама