ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 тамыз 2015 21:30
Астанада "Күзет" полкінің қызметкері бір әйелді қағып кетті
Астанада "Күзет" полкінің қызметкері 35 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордадағы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, қайғылы оқиға 5 тамызда шамамен 19.00-де Қошқарбаев көшесінің бойында болды. "Күзет" полкінің қызметкері Daewoo Nexia автокөлігімен рұқсат етілген жерде, яғни жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан әйелді қақты. Ол оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қылышбекова.
Еске салайық, екі күн бұрын Оралда жүргізуші бір әйелді қағып өлтірген болатын. Куәгерлердің айтуынша, әйел жолдан өтіп бара жатқанда жылдамдықты асырған көлік оны соғып кеткен.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу