Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды

Фото:depositphotos.com / Towifqu

Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын мәлімдеді.

"16 жастағы қыз 16-қабаттан құлады", - деді трагедия куәгерлері.

Реклама
Реклама

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жұмысшы биіктен құлап мерт болғаны хабарланды. Қайғылы оқиға әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан жаңа өнер мұражайының құрылыс алаңында болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама