ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 желтоқсан 2017 13:59
Астанада Lexus жүргізушісі жол реттеуші полицейді қағып кетті
Астана орталы?ында да??ыл бойында Lexus ж?ргізушісі жол ?оз?алысын реттеуші полицейді ?а?ып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Астана орталығында даңғыл бойында Lexus жүргізушісі жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін таңғы 9 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінің қиылысқан жерінде жол-көлік оқиғасына байланысты анықтау шарасы жүріп жатыр. Lexus жүргізушісі жолдың мұзтайғақ болуына байланысты тізгінге ие бола алмай, қиылыста жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді қағып кетті", - деді полиция өкілдері.
Полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу