Астанада мас ер адам көпір шамдарын сындырды

©Stena.ee

Астаналық полицейлер қала көпірлерінің бірінде шамдарды сындырған Ақмола облысының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы ІДД мамандарына сілтеме жасап.

"Астана қаласы ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен сағат 02.00 шамасында белгісіз ер адамның астаналық көпірлердің бірінде орналасқан шамдарды сындырып жатқанын анықтады. Орталықтың хабарламасы бойынша жедел әрекет еткен Астана қаласы ІІД Жол-патруль полициясы қызметкерлері бір мас адамды ұстады", - делінген хабарламада. 

Полицейлердің мәліметінше, Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны тоғыз шамды сындырып үлгерген. Ол аумақтық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама