Астанада мас ер адам лифтімен “төбелескен“

Астанада мас ер адам лифтімен “төбелескен“ Бейнеден алынған кадр

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы мас ер адам жеделсатымен "есеп айырыспақ" болды. Бұл айқаста жеңімпаздар болған жоқ: техника істен шығып, бұзақының өзі полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордалық ПД мәліметінше, мас адамның қаһарына алдымен бір жеделсаты ілінген. Ол есіктерді қолымен ашуға тырысып, оларды теуіп, соққы астына алған. Бірінші лифт бұзақының бұл әрекетіне "төтеп бере алмаған" соң, ол екіншісіне ауысып, дәл сондай әдістерін қайталаған.

Оның барлық әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жарнама
Жарнама

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ведомство бұл тең емес айқаста келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрағанын атап өтті.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама