Астанада мас күйде және куәліксіз көлік жүргізген қыз 20 тәулікке қамауға алынды

Астанада мас күйде және куәліксіз көлік жүргізген қыз 20 тәулікке қамауға алынды

Астаналы? ?ыз мас к?йде к?лік ж?ргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астаналық қыз мас күйде көлік жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, астаналық қыз 12 қарашада мас күйде Toyota көлігімен жүрген.

"Жол көлік полициясының қызметкерлері ереже бұзушыны ұстап, қызда көлік жүргізу куәлігінің болмағанын анықтаған. Медициналық сараптаманың нәтижесіне қарағанда, сол сәтте жүргізуші қыз орта деңгейде мас болған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапркершілікке тартылды. Ереже бұзған қыз 20 тәулікке қамауға алынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама