Астанада мас жүргізуші екі адамды қағып мерт қылды

Астанада мас жүргізуші екі адамды қағып мерт қылды видеодан үзінді

Астанада мас ж?ргізуші жолаушылар?а арнал?ан жолдан ?тіп бара жат?ан екі адамды ?а?ып мерт ?ылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада мас жүргізуші жолаушыларға арналған жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полициядағылар оқиғаның тамыздың 9-нан 10-на қараған түні болғанын айтады. 

"2017 жылы 10 тамызда шамамен түнгі 03:00-де Lada 21901 маркалы көліктің жүргізушісі мас күйінде Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, жолаушыларға арналған жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Жаяу жүргіншілерді қаққан Lada 21901 маркалы автомобилі артынша жарықтандыру бағанға соғысқан. 

"Осы дерекке қатысыт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер") бойынша іс қозғалды. 29 жастағы жүргізуші ұсталып, Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Lada 21901 автокөлігі коммуналдық тұраққа жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама