ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қыркүйек 2024 | 15:43
Астанада мектеп маңынан қыз өлі табылды
Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңында 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер әлеуметтік желіде пайда болған жазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанадағы №5 мектеп-гимназия маңында 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер әлеуметтік желіде пайда болған жазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде мәйіт мектеп жанындағы қаңырап тұрған ғимараттан табылды деп хабарлайды. Видеода бір кездері балабақша болғаны айталған нысан көрсетілген. Басылым авторы қараусыз қалған ғимараттың қоршаумен қоршалмағанын және кез келген адам ішке емін-еркін кіре алатынын айтады.
Полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады.
"10 қыркүйекте қыздың өлімі туралы хабарлама келді. Мәйітті тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады, өлімнің себебі анықталып жатыр. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деп хабарлады полиция департаменті.
Бұл ретте жергілікті тұрғындар бұл ғимаратта бірнеше рет түрлі оқиғалар болғанын жазып жатыр. Олардың айтуынша, бұған дейін мұнда шатыр жанып, ер адамның денесі табылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также