Астанада мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті

Астанада мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде баланы көлік қағып кетті видео кадры

Астанада жүргізуші мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада жүргізуші мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып кетті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісіне Астана полиция департаменті берген мәлімет бойынша, жол апаты бүгін, 18 қазанда Конституция көшесінде, №26 орта мектепке қарама-қарсы жерде болған.

"Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 14 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады департамент.

Реклама
Реклама

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама