Астанада полицей мен дипломатиялық нөмір таққан көлік жүргізушісінің дауласқан видео пайда болды

Астанада полицей мен дипломатиялық нөмір таққан көлік жүргізушісінің дауласқан видео пайда болды © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының Ішкі істер департаментінде полицей мен дипломатиялық нөмірі бар көлік иесінің арасындағы дау туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода жол полициясы қызметкері мен екі ер адамның дауласқаны түсірілген. Куәгерлер түсіріп алған видеода екі ер адамның құқық қорғау органдарының қызметкеріне дауыс көтере сөйлегені көрінеді. 

Жарнама
Жарнама

Астана қаласының ІІД өкілдері дипломатиялық нөмір таққан Skoda көлігінің жүргізушісінің әрекеті ҚР іс жүзіндегі заңнамасына сай тексерілетінін хабарлады.  

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның 4 қаңтарда вокзал алдындағы алаңда болғанын және полицейдің аталған көліктің тұраққа қою ережелерін сақтау бойынша талаптарын орындамауына байланысты шара қолданғанын айтты. Полиция Астананың дипломатиялық корпусы істері басқармасына жолданатын ақпарат жинақталғанын нақтылай кетті. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама