Астанада полицейді көлік соққан сәттің видеосы пайда болды

Астанада полицейді көлік соққан сәттің видеосы пайда болды

Астанада жол реттеуші полицейді Lexus ж?ргізушісіні? со??ан с?т т?сірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Астанада жол реттеуші полицейді Lexus жүргізушісінің соққан сәт түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Instagram желісіндегі vastane.kz парақшасында жарияланған видеода көліктің тәртіп сақшысын соққан сәтін көруге болады. Полицей соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен.

Реклама
Реклама

"Бүгін таңғы 9 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінің қиылысқан жерінде жол-көлік оқиғасына байланысты анықтау шарасы жүріп жатыр. Lexus жүргізушісі жолдың мұзтайғақ болуына байланысты тізгінге ие бола алмай, қиылыста жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді қағып кетті", - деді полиция өкілдері.

Полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама