Астанада полицейлер мінген автомобиль жол апатына ұшырады

© Тұрар Қазанғапов

Астанада полицейлер автомобилі көпір үстінде жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасап.

Бүгін таңертең Сарайшық көшесіндегі М1 көпірінде үш автомобиль соқтығысып қалды. Бауыржан Момышұлы даңғылынан Түркістан көшесіне қарай М1 көпірімен кетіп бара жатқан Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

"Қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен жүргізуші Ақмола облысы ІІД аудандық басқармаларының біріне тиесілі "Лада" автомобилімен және BMW маркалы көлігімен соқтығысты", - деді Әкімшілік полиция басқармасы өкілдері.

Реклама
Реклама


Куәгер жолдаған сурет.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама